Қазынаға 2 млрд теңгеден аса қаражат түспей қалғанына кінәлі екеуге үкім кесілді

640

Павлодарда жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрған екі адам сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазынаға 2 млрд теңгеден аса қаражат түспей қалғанына кінәлі екеуге үкім кесілді

"ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті. Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілді. В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді", – деп жазылған ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу