Мемлекетке 21 млн теңгеден астам залал келтірілді

909

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекетке 21 млн теңгеден астам залал келтірілді

"Полиция қызметкерлері 8 мыңнан астам аңшылық-балық аулау шаруашылығын, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тексеріп, табиғатты қорғау заңнамасына қайшы 3 585 әрекетті әшкереледі. Оның 1 983-і – заңсыз аң аулауға, 68-і заңсыз ағаш кесуге, 747-і – заңсыз балық аулауға, 21-і – жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, әкету, сақтау факті болып тіркелді", – деді ресми өкіл.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, бүгінгі таңда 120 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"3 231 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 21 млн теңгеден астам залал келтірілді", – деді ресми өкіл.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу