Мемлекетке 500 млн теңге көлемінде залал келтірген павлодарлыққа үкім шықты

781

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны О. Щипилоға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетке 500 млн теңге көлемінде залал келтірген павлодарлыққа үкім шықты

"О. Щипило бұрын сотталған А. Колесниковпен алдын ала сөз байласу арқылы үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсеткен. Заңға қайшы схемаға ол  бақылауындағы "Призма Плюс" "Конэктгрупп" және "Солмир" ЖШС 3 жалған фирмасын қатыстырған. Осылайша, мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Қылмыс жасаушы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын фирмалар тауарларды сатпайды және қызмет көрсетпейді, бірақ қаражатты заңсыз айналымға шығару үшін жалған құжаттар жасайды. Олар салық та төлемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу