Мемлекетке 525 млн теңге сомасында залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

592

Ұйымдасқан топтың басшысы 2017 – 2019 жылдар аралығында бірқатар кәсіпорын құрып, ШҚО аумағында өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырғаны анықталған.

Мемлекетке 525 млн теңге сомасында залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

ШҚО-да "STOP обнал" жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында іс жүзінде жұмыс істемей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Тексеріс барысында ұйымдасқан топтың басшысы 2017 – 2019 жылдар аралығында бірқатар кәсіпорын құрып, ШҚО аумағында өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырғаны анықталған.

Жалған кәсіпорындардың қызметі салдарынан мемлекетке 525 млн теңге көлемінде залал келген.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК 262 бабының 1б. (ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету) және 216 баптың 3 б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",– деп жазылған ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу