Сот Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағар майын ұрлап, кейін оны қайта сатқан 11 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың мамыр-маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасаған. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген", – делінген хабарламада.
Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу