Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК бірлесіп іске қосқан. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Интерактивті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде оң ықпал етті. Бұл жер учаскелерімен байланысты алаяқтық процестерді азайтады. Геосервис қайтарылған жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері, олардың орналасқан жері мен ауданы туралы мәліметтерді қамтиды", - деді спикер.
Сонымен қатар интерактивті картада онлайн режимде қай өңірде қандай жерлер қайтарылғанын, оның жалпы ауданын білуге болады.