Мемлекетке қарыз банктердің аттары аталды

204

Мемлекеттік қолдау банктердің бәріне бірдей берілмейді.

Мемлекетке қарыз банктердің аттары аталды Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктерге көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, төрт банкте 1,3 трлн теңге көлемінде мемлекет ақшасы бар. 

"Еуразиялық банкте – 150 млрд теңге, РБК банк – 176,8 мдрд теңге, Alatau City Bank – 950,2 млрд теңге, Nur Bank – 46,8 млрд теңге", – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.

Заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде банктер мемлекет алдындағы қарызын жылдам қайтарып жатқанын баса айтты. 

2023-2025 жылдар арасында 526,9 млрд теңге мезгілінен бұрын қайтарылды.

Айта кету керек, бұған дейін мемлекет қолдауына ие болған банктер жаңа инвесторға сатылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу