Мемлекетке құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік пен акциялар қайтарылды

189

Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Мемлекетке құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік пен акциялар қайтарылды Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласының прокуратурасымен а.ж. I-жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді", - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу