Мемлекетке миллиондаған залал келтірген кәсіпкердің бас бостандығы алты айға шектелді

719

Бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан "Жетіашар" ЖШС-нің әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекетке миллиондаған залал келтірген кәсіпкердің бас бостандығы алты айға шектелді

Құжатта бірнеше кәсіпкерлік нысан әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығын төлеген деп көрсеткен. Айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен. 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті.

Сот үкімімен, серіктестік басшысы Ізбасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу