Мемлекетке тағы 56 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

262

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім етті.

Мемлекетке тағы 56 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды Фото: newtimes.kz

Шымкент қаласының экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекемеге шарттық міндеттемелерін орындамаған ЖШС-тен бюджет қаражатын өндіріп алудан бас тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шарт бойынша ЖШС  Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыру жұмыстарын жүргізу міндетін алған, алайда бұл міндеттемені тиісінше орындамаған.

Прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 56 млн теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу