Мемлекетке жалға берушілерден көп салық түседі

793

Жылжымайтын мүлікті жалға беруші ЖК саны 20%-ға өскен.

Мемлекетке жалға берушілерден көп салық түседі

2019 жылдың қаңтар-мамырында 7,4 мың жеке тұлға жылжымайтын мүлікті жалға беруші жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 22%-ға көп.

"Салықтық түсімдер 37%-ға өсіп, 7,2 млрд теңге болды. Бұл былтырғы жылдың бес айындағы көрсеткіштен 1,9 млрд теңгеге көп", – деп жазды ведомство. 

Хабарлағанымыздай, МКК жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және жалға беруші ретінде салық төлемеген басында үштен көп пәтері бар 20 мыңнан астам адамды анықтады. Оның ішінде 150 адамның 10-нан астам пәтері бар. Ал белгісіз 150 адамның 10-нан астам пәтері бар. Ал белгісіз елорда тұрғынының бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бар екені анықталған. 

Ведомстводаның нақтылауынша, бұл мәліметтер қашықтықтық мониторингі арқылы алынған және терең сарапталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу