Мемлекеттен асыл тұқымды қой алуға алған қаражатты "жеп" қойған

538

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша қаражат бөлінсе де, фермерлер асыл тұқымды қойларды көрмеген, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттен асыл тұқымды қой алуға алған қаражатты "жеп" қойған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Өңір тұрғыны 2020 жылы 2 шаруа қожалығы атынан сенімхаттар негізінде Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қойды сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн теңгеге өтінім берген. 

Сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталып отыр. Келтірілген залал толық өтелді.

Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу