Мемлекеттен берілген әлеуметтік төлемге салық салынбайды

913

 42500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілігінде көрсетудің қажеті жоқ.

Мемлекеттен берілген әлеуметтік төлемге салық салынбайды

Шектеу шаралары уақытында кірістерін толығымен жоғалтқан кәсіпкерлерге мемлекеттен төленуге жататын 42500 теңге әлеуметтік төлемдер салық салынатын кірістер ретінде қарастырылмайды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. 

Комитеттің хабарламасына мемлекеттің әлеуметтік төлемдері оңайлатылған декларация және патент құнын есептеу бойынша салықтық есептілігінде көрсетілмейтіні айтылған. Бұндай төлемдер Салық кодексінің 681 бабының 2 тармағымен белгіленген кірістер тізбесінде кәсіпкерлік қызметін атқару нәтижесінде алынған кірістер ретінде қарастырылмайды. Сондай-ақ, жеке тұлғалар секілді, жеке кәсіпкерге де жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану кезінде әлеуметтік төлем қарастырылмайды. Осылайша, әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341 бабының  26) тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісі ретінде қарастырылмайды.    

"Сәйкесінше, 42500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілігінде көрсетудің қажеті жоқ",– деп нақтыланған хабарламада.

Сонымен, МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді және оның жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу