Мемлекеттен қаламақы алған авторларға кітабын қайта басып, сатуға рұқсат беріледі

1311

Министр авторлардың құқығына қойылған шектеу алынып тасталатынын айтты.   

Мемлекеттен қаламақы алған авторларға кітабын қайта басып, сатуға рұқсат беріледі

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды. 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2017 жылы қолданысқа  заң бойынша авторларға қоғамдық маңызы бар әдеби шығармасы үшін қаламақы төлеу тәжірибесі енгізілгенін тілге тиек етті. 
Бұл басқа елдерде болмаған жағдай. Алайда іс жүзінде қайшылық пайда болды. Атап айтқанда, автордан әдеби шығарманы сатып алу авторлық құқықтың барлық мерзіміне мемлекетке авторлық құқықты беруді көздейді. Ол – автордың өмір сүрген кезіндегі мерзім және одан кейінгі 70 жыл. Бұл тұрғыда мемлекет әдебиетті оны мемлекеттік кітапханаларға өтеусіз негізде тарату үшін ғана сатып алатынын айта кеткен жөн", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Министрдің мәлімдеуінше, қаламақы төленгеннен кейін автор туындысын қайта шығару, кітап дүкендеріне сату немесе оны басқа жолдар арқылы өткізу құқығынан айырылады. Салдарынан мемлекеттің халыққа мәдени өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті орындалмайды, керісінше шектеледі. 
"Заң жобасы аясында әдеби туындыны басып шығару және кітапханаларға тарату мақсатында автордан әдебиеттерді белгілі бір мерзімге сатып алу қарастырылып отыр. Одан әрі, автор оны басып шығаруға және Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін кез келген басқа жолмен таратуға құқылы болады", –  деді Ақтоты Райымқұлова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу