Мемлекеттік қолдауды алатын бизнес-инкубаторлар анықталды, деп хабарлайды "ТДЖҰА" АҚ баспасөз қызметі.
2018 жылы мемлекеттік қолдауға ие болуға үмітті компаниялар арасында тәуелсіз комиссияның байқаулық іріктеуінен кейін үш бизнес-инкубатор таңдап алынды: "BeInTech" ЖШС, "Клуб молодых предпринимателей" ЖШС, "SmArt Point Almaty" ЖШС.
Енді ТДЖҰА әрбір жеңімпазбен үш жылға келісімшарт жасап, қаржылық және әдістемелік көмек көрсетеді. Бизнес-инкубаторлар 50% қаржыландыруды өтеу арқылы алады, бірақ жылына 35 млн теңгеден аспайды. Бұдан басқа, келесі жылы жеңімпаз компаниялардың резиденттерінің жобаның 80% мөлшерінде мемлекеттік грант алуға мүмкіндігі болады, бірақ 50 млн теңгеден аспайды.
Естеріңізге сала кетейік, бизнес-инкубаторларды іріктеу байқаулық негізде өткізілді. 14 маусымнан 3 шілдеге дейін "ТДЖҰА" АҚ байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдады. Барлығы 12 өтініш келіп түсті, олардың ішінде бизнес-инкубаторларды іріктеу бойынша комиссияға 10 өтінім қабылданды. Комиссия құрамы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сыртқы тәуелсіз сарапшылардан құрылды.