Қаржы министрлігі бөлінетін мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу жүйесін әзірледі. Бұл – қолдау алушыларды анықтаудың автоматтандырылған жүйесі.
Мұндай жаңалықты Үкімет отырысында қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Скоринг" құралы іске асырылатын болады, оның нәтижелерін мемлекеттік қолдау көрсету кезінде пайдалану жоспарланып отыр. Бұл кәсіпкерлерді қаржылық қолдауға бағытталған қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, салық төлеу, жұмыс орындарын ұлғайту немесе жалақы қоры бойынша оң көрсеткіштері бар бизнеске қолдау жасалатын болады", – деді министрдің орынбасары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу