Мемлекетті алдаған мемлекеттік қызметкерлер

833

Мемлекетті алдаған мемлекеттік қызметкерлер

Жайлы креслодан темір торға! Ақмола облысында жер учаскелері арқылы елді де, мемлекетті де алдаған 24 шенеунік сот алдында жауап берді. Олардың қатарында жер қатынастар басқармасының бөлім басшысы, ХҚКО-ның директоры, әділет басқармасының басшысы, қала құрылысы және сәулет бөлімінің қызметкерлері, тіпті ауыл округтінің әкімі де бар. Облыстық прокуратураның хабарлауынша 500 томдық қылмыстық істе, ұйымдасқан қылмыстық топтың жерге қатысты 88 заң бұзушылық әректі тіркелген. Ал зардап шеккендер 187 азамат. Дәніккен атқа мінерлер мемлекет қазынасына 40 миллион, ал жеке тұлғаларға 500 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу