Алматыда "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы онлайн форматта өтуде.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты істің алдын ала тыңдау барысында айыпталушы Мейіржан Төребаев істі прокурорға қайтаруды, ал қорғаушысы соттан бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұрады.
Мейірхан Шерниязовтың қорғаушылары соттан қылмыстық істі тоқтатып, оларды жәбірленуші деп тануды өтінді.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 1-бөлігінің 321-бабына сәйкес, ауыр қылмыстық істер бойынша алдын ала тыңдаулар міндетті. Істі прокурорға қайтаруға негіз бола алатын елеулі заң бұзушылық орын алған жоқ деп есептеймін",- деді мемлекеттік айыптаушы, прокурор Ерлан Құланбаев.
Бұл ретте ол Мейіржан Төребаевтың әйелін өзінің қоғамдық қорғаушы ретінде тарту туралы өтінішін және қорғаушысының бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтінішін қолдады.