Мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесі құрылады

664

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.  

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесі құрылады

Құжатта ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жауапты өкілетті органды анықтау мен оның құзыретін айқындау, әрбір мемлекеттік органда өкілетті құрылым немесе салаға жауапты қызметкерді белгілеу мәселесі қамтылды.  Бұған қоса заңның қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік функцияларды орындаушы ұйымдарды ақпарат иелері қатарына жатқызу және квазимемлекеттік сектор мен басқа да ұйымдарды ашық деректерді жариялау міндеті қойылды.  

"Заң жобасы арқылы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша бірқатар түзету енгізіледі. Осы орайда мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру ескерілген. Ол үшін салалық ведомствоға республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастырудың бірыңғай тәртібін айқындау бойынша өкілеттік беру ұсынылды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік орган өкілдері тең дәрежеде енгізіледі", – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. 

Қанат Махамбет  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу