Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде жалпы сомасы 308 млрд теңгеге 368 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді", – деді Жамаубаев.
Оның дерегінше, 40 объекті сатылуға қойылды. 61 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 206 объекті сату алдындағы дайындықта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу