"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының" бас директоры тағайындалды

457

Айбол Арғынғазинов "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры болып тағайындалды.   

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының" бас директоры тағайындалды Фото: gov.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Айбол Арғынғазинов Жетісу облысында 1993 жылы дүниеге келген, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, "Жоғарғы экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қаласы) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары "Қазконтент" АҚ бөлім басшысы, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының сектор меңгерушісі болған. 2022 жылдан Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу