Мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

1053

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен әскери доктринасының қайта іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленеді – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

"Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің өршуі біздің алдымызға қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойды. Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға мемлекеттік деңгейде басымдық берілуге тиіс. Бізге сыртқы күйзелістерге және түрлі оқиғаларды ең нашар нұсқасына дайындалу қажет", – деді Президент Қазақстан халқына жолдауында. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сыртқы оқиғалар мен тәуекелдердің дамуын модельдеу өзекті мәселе. 

"Стресс-тест жүргізу, сценарийлерді пысықтау қажет. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспарлары әзірленеді және түзетіледі", – деді Мемлекет басшысы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу