"Жылдың 10 айында шамамен 10 трлн теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 32 957 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93% орындады. 1 999 аудиторлық іс-шара өткізілді", – деді Ерұлан Жамаубаев.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары аудитпен қамтылған 3,7 трлн теңгенің 304 млрд теңгесінен қаржылық бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.
"Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 284 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 794 ұсыным берілді", – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.