Мемлекеттік аудит органдарының 27 қызметкері ұсталды

636

Олар шағым түсіріп, кейін сол арыздарын өздері тексеріп отырған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Мемлекеттік аудит органдарының 27 қызметкері ұсталды

"Қаржылық бақылау органдарының сыбайлас жемқорлық фактілерін атап өту керек. Тек соңғы 2 жылда агенттікте ішкі мемлекеттік аудит органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмыс тіркелді. Олар, әдетте, мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысын қарағаны үшін пара алған. Мәселен, ішкі мемлекеттік аудит мамандарының өздері арыз-шағымдар ұйымдастып, оны тексеруге тағы да  өздері барған. Соңғы бір жылда бір ғана ЖШС-дан осындай 1600 шағым түсірсе, оның 900-і қанағаттандырылды. Бұл ретте басқа, нақты, өтініштер назардан тыс қалып отырған", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу