Мемлекеттік бағдарламалардың 4 млрд теңгесі игерілді

906

Атырау облысындағы жұмыс күшінің 38%-ы немесе 126 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес секторында еңбек етеді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік бағдарламалардың 4 млрд теңгесі игерілді

"Былтыр пандемияға байланысты мемлекет шағын және орта бизнес субъектілеріне айтарлықтай қолдау көрсетті. Шағын және орта бизнес  секторында оң өзгеріс байқалып жатыр. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1,5%-ға артты", – деді облыс басшысы. 

Махамбет Досмұхамбетовтің мәлімдеуінше, былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 2,1 трлн теңгенің өнімін өндірді. Биыл бұл көрсеткіш 2,3 трлн теңгені құрауы мүмкін. 

"Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы – 2025",  "Қарапайым заттар экономикасы", "Еңбек", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарламаларға бөлінген 8 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі игерілді", – деді Атырау облысының әкімі. 

Оның айтуынша, есептік кезеңде халықты әлеуметтік қорғауға басымдық беріліп, 12 473 жұмыс орны ашылды

 "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері 14 290 адам жұмыспен қамтылып, 1 млрд 253 млн теңге игерілді", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу