Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы әзірленуде

649

"Ашық диалог" порталында 100-ден аса ұйым бірінші басшыларының блогын ашты.

Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы әзірленуде

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі халыққа ақпаратты қолжетімді ету мәселесі туралы сөз қозғады. 

"Маңызды бағыт – халыққа ақпаратты қолжетімді ету мәселесі. Бұл ретте ақпарат бойынша заң жобасына біраз өзгерістер дайындалып қойған. Олардың негізгі көздеген міндеттері мемлекеттік органдардың осы бағыттағы құзыретін, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі туралы Президентке есеп беру мәселесін, әрбір мемлекеттік органда осы бағытқа жауапты қызметкерді тағайындау мәселесін және басқа да өзекті шараларды заң жүзінде бекіту", – деді Аида Балаева. 

Сонымен қатар министр халықты шешім қабылдау үрдістеріне тарту мақсатында әкімдіктердің ашық моделі жасалатынын айтты.

"Қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға қарасты көптеген мекемелер осындай модельмен жұмыс жасап отыр. Мәселен 100-ден аса ұйымдар "Ашық диалог" порталында бірінші басшыларының блогын ашты. Осылайша порталда көптеген ашық мәліметтер жариялана бастады. Тағы бір атап өтетін жайт – қазір біз жалпақ елге ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Мұнда Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқан барлық бағдарламалармен түсінікті әрі қолжетімді түрде танысуға болады. Ол халықтың мемлекет пен қоғамның маңызды мәселелеріне тікелей араласуына мүмкіндік береді", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу