Мемлекеттік бағдарламамен салынған баспаналар жыл өтпей жатып бүлінді

507

Сапасыз салынған. Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген баспаналардың сырты жалтырап ішіндегі жұрт қалтырап жүр. Бір жыл бұрын арнайы бағдарлама арқылы үй алған азаматтар қазір бармағын тістеп жүр.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған баспаналар жыл өтпей жатып бүлінді Фото: Gov.kz

Айтуларынша, көпқабатты үйлер жылу сақталмайды. Жертөле суға толған, желдеткіш жүйесі мен су сорғылары істен шыққан. 

Өткен жылы ғана жаңа пәтерге жайғасқан  Айжанның қазір су қайнатудан қолы босамайды.  Ыдыс аяқты жууды айтпағанда балаларды шомылдыру үшін де ыстық суды өзі әзірлейді. Өйткені жертөлдегі сорғының 4 қабаттан арыға жеткізіп беруге шамасы келмейді.   

​"Сенбі, жексенбі мүлдем ыстық су болмайды. Соңғы кезде жәй күндері де ыдыс-аяқ жуып жатсақ өшіп қалады. Өзім жақында ғана босанғам. Ешқандай күтіне де алмадым", дейді тұрғын Айжан Әбиханова.

​Жылы суға жарымаған тұрғындар 300-ден астам отбасы қоныстанған тұрғын үйде жылудың да мәселесі мәз емес екенін айтады.  

Ал желдеткіш дұрыс жұмыс істемегендіктен сасық иіс ішке ұрады дейді тұрғындар. Ал, жертөледегі құбырлардың әр жерінен бір су ағады.

​Тұрғын үйді салуға тапсырыс берген құрылыс басқармасы бұл мәселеден хабардар. Бірақ күн жылынбай іске кірісе алмаймыз деп отыр. 

​Тұрғын үйдің  сыртқы қаптамасына байланысты мамандар алдағы уақытта ұсыныс бермек. Ал, өзге де кемшіліктерді кепілідік мерзімге сай мердігердің  өз қаржысына қайта жөндетеміз дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу