Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй сапасыз болып шықты

444

Атырау облысы Доссор кентінде мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді. 

Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй сапасыз болып шықты Фото: inbusiness.kz

Баспанаға 2 жыл бұрын ғана қоныстанған жұрт кем-кетікті өз қаржысына жамап әлек. Сол себепті арзан бағада жалдау құқығымен берілген пәтерлерге қаржы құюға қарсы. Құрылысты жүргізген мердігер олқылықты тез арада реттесін, дейді. 

Сырты бүтін көрінетін бұл тұрғын үйде 60 отбасы тұрады. Барлығы  көпбалы немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғандар. Сөздерінше, 2 жыл бұрын ғана қоныстанған баспана жағдайы қазірден көңіл көншітпейді. 

Қолданысқа берілген үйдің қабырғалары сыз тартқан. Терезелерінен жел гулейді. Тоқ пен жылу желісінен де бірнеше мәрте ақау шығыпты. 

Нысанға қазынадан бас-аяғы 900 млн теңге жұмсалған. Жұмысты қызылордалық "Аман құрылыс" компаниясы жүргізіпті. Бірақ жоба шикі. Енді әкімдіктегілер  мердігерлерді кем-кетікті қалыпқа келтіруге міндеттемек. 

"Мердігер мекемені шақырып, кеткен кемшіліктерді қалпына келтіреміз. Міндеттейміз енді,олардан кеткен қателікті қалыпқа келітруге тиіс қой. Нақты осы бірінші жарты жылдықта бітіреміз", дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев.

Баспана иелері мұнда ай сайын 12 мыңға дейін ақы төлейді. 5-6 баламен отырғандар үшін бұл да үлкен қаржы дейді. Сол себепті жалдамалы үйде дұрыс жағдай ұсынбаса, пәтерлерді жеке аттарына аударып бергенді жөн көреді. 

Қымбат Даирқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу