Мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады

16 ақпараттық жүйе "Smart Data Ukimet"-ке интеграцияланды. 

Мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады Фото: youtube

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылы мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылды және 16 ақпараттық жүйе "Smart Data Ukimet"-ке интеграцияланды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қолда бар ақпараттық жүйелерінде Тәуекелдерді басқару жүйесі деректерінің 29 көрсеткішін жинау бойынша техникалық жұмыс жүргізілуде. 2023 жылы бақылаудың қалған 35 саласын автоматтандыру жоспарлануда. Осыған байланысты, Smart Data Ukimet базасында автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмыс істеуі мақсатында мемлекеттік органдардан жетекшілік ететін ақпараттық жүйелерден базаны өз көрсеткіштерімен толтыру талап етіледі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу