Мемлекеттік балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестациядан өтпеді

867

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтер көлемі 25%-ға өсті.

Мемлекеттік балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестациядан өтпеді

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтердің көлемі 365,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 25,7%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Салыстыру үшін 2020 жылдың сәйкес кезеңінде сектордағы қызмет көрсету көлемі жылына 6,4%-ға өсіп, 291,1 млрд теңгені құрады.

Саладағы қызмет көрсету көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (яғни бес жыл бұрынғы) қызмет көрсету көлемі бірден 2,1 есеге өсті. Өңірлік тұрғыда қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Түркістан облысына тиесілі 44,5 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда бірден 17,6%-ға артық. Екінші қатарда Алматы облысы (35,5 млрд теңге), көрсеткіш жылына 56,4%-ға өсті. Үздік үштікті Алматы жапты (32,5 млрд теңге, +23,2%).

Биылғы жылы ең көп жылдық өсім Алматы облысында, ең азы Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: жылына 15,6%-ға, 8,8 млрд теңгеге дейін. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметтерінің негізгі бөлігін – 223,7 млрд теңгеге – қазыналық кәсіпорындар көрсетті. Тағы 140,9 млрд теңге жеке кәсіпкерлікке, 1,4 млрд теңге шетелдік кәсіпорындарға тиесілі. Кәсіпорындар көлемі тұрғысынан алғанда жалпы көлемнің 338,6 млрд теңгесі шағын кәсіпкерлікке, 24,6 млрд теңгесі – орта бизнеске, 2,7 млрд теңгесі – ірі кәсіпкерлікке тиесілі.

Сонымен қатар мемлекеттік бақылау жүргізілген балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестациядан өтпеді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Биыл Білім және ғылым министрлігі енгізген бақылаудың жаңа түрі 77 балабақшаға қолданылды, олардың басым көпшілігі – атап айтқанда 60 мектепке дейінгі ұйым – білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмегендіктен аттестациядан өтпеді. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу