Мемлекеттік басқару академиясы үміткерлерді QazaqResmiTest арқылы іріктейді

1146

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеудің жаңа форматы таныстырылды.

Мемлекеттік басқару академиясы үміткерлерді QazaqResmiTest арқылы іріктейді

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мемлекеттік қызметшілерге арналған QazaqResmiTest өнімін таныстырды. Оның айтуынша аталмыш тест әуелі аталмыш академия қабырғасында білім алушыларды қабылдау кезінде пайдаланылмақ. Кейін оны коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жұмысына да ерікті түрде енгізу жоспарда бар көрінеді. 

"Келесі жылдан бастап ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсетін талапкерлерден қазақ тілін қажетті деңгейде меңгергені туралы сертификат талап ету жоспарланып отыр. Бұл талапты Президенттік жастар кадрлық резервінің үміткерлеріне де таратуды көздеп отырмыз", - деді академия ректоры.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу