Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды еgov арқылы тапсыру мүмкіндіктері қарастырылуда

1124

Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды еgov арқылы тапсыру мүмкіндіктері қарастырылуда

Мемлекеттік басқару академиясында құжаттарды қабылдау мерзімін ұлғайту және оларды беруді онлайн режиміне ауыстыру жоспарлануда. Бұл туралы баспасөз жиынында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 "Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бұрынғы моделі оған қатысушылардың қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде қанағаттандырмайтынын атап өту қажет. Оқу көбінесе үзінді сипатқа ие болған. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер стратегиялық және бюджеттік жоспарлау және менеджмент, адами ресурстарды басқару, тілдік және ІТ біліктіліктер негіздерін меңгеруі тиіс", – деді Ф. Жақыпова.

Ректор білім алушылардың құрамына қойылатын талаптардың өзгергенін атап өтті.

Оның айтуы бойынша, магистратураға және докторантураға қабылдау қағидалары, соның ішінде электрондық үкімет арқылы құжаттарды қашықтықтан қабылдаудың енгізілуімен қайта қаралуда.

"Егер бұрын оқуға құжаттар 20-30 күнді құрайтын қысқа уақыт ішінде қабылданса, қазір мемлекеттік қызметшілер үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұлғайту мүмкіндігі пысықталуда",  – деп атап өтті ректор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу