Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды

149

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды Фото: ortcom_kz

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оның орнына Мемлекет басшысының өкімдерімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу