Мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларына бағытталған инвестиция көлемі артты

708

Салымдардың басым бөлігі республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілді.  

Мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларына бағытталған инвестиция көлемі артты Фото: gov.kz

Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға құйылған инвестициялар 93,3 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғыға қарағанда 2,4 есе көп. Инвестициялардың нақты өсімі 2,2 есеге жетті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржыландыру көздеріне келер болсақ, инвестициялардың 62,1%-ы республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілді (58 млрд тг). Жергілікті бюджеттен – 28,4 млрд тг, банктік емес қарыз қаражаты есебінен – 5,6 млрд тг, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге түсті.

Республика бойынша аталған сектордағы инвестициялардың ең көп көлемі Түркістан облысында тіркелді (24,5 млрд тг, ақшалай мәнде жылдық өсім – 5,4 есе). Үздік үштік қатарында Астана (23,3 млрд тг) мен Алматы (15,9 млрд тг) қалалары бар.

Инвестициялардың ең жоғарғы жылдық өсімі - Түркістан облысында, ал ең көп қысқару Солтүстік Қазақстан облысында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу