Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына тартылған инвестиция 12,3%-ға артты

954

Елімізде қару-жарақтың жаңа түрлері шығарылмақ. 

Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына тартылған инвестиция 12,3%-ға артты

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына 1,7 трлн теңге қаржы салынды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,3%-ға жоғары. 

Яғни, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде салаға 1,5 трлн теңге қаржы салынып, инвестиция  көлемі 10, 6%-ға артқан, деп хабарлады finprom.kz. 

2020 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында мемлекеттік басқару және қорғаныс секторының негізгі капиталына салынған қаржы 63,3 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,7 есе жоғары. 

Өңірлер бойынша ең көп қаржы — 26,2 млрд теңге Түркістан облысына салынған. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 41,4%-ы. Бір жылда инвестиция 2,8 есе өскен. 

Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (7 млрд теңге, көрсеткіш 61,7% артты) мен Алматы (6,9 млрд теңге, көрсеткіш 11,1 есе өскен).

Сонымен қатар онлайн брифинг барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев сала жаңа қару-жарақ түрлері және әскери техникамен жарақтандырылатынын айтты. Министрдің сөзінше былтыр 370 бірлік жаңа әскери техника сатып алынып, 200 бірлік техника жаңартылған. Бұған қоса ведомство қолданылмайтын әскери мүліктен арылып, жаңа қару-жарақ түрлерін шығаруды жоспарлауда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу