"Маңызды басымдықтардың бірі – "Government to citizens", яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы. Цифрлық технологиялардың көмегімен азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге, барлық адам үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Бұл үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың "Invisible Government" ("көрінбейтін үкімет") сапалы жаңа форматына көшу қажет", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, "Invisible Government" бойынша мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталу керек.
"Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің кең ауқымы азаматқа көрінбейді. Ол тек нақты нәтижені көреді", - деді ол.