Ә. Байменов: Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау адам құғына нұқсан келтірмеуге тиіс

894

Ол интернет пен әлеуметтік желілерге қолжетімділік халықаралық құқықпен қорғалып, адамның ажырағысыз құқығы ретінде танылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Ә. Байменов: Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау адам құғына нұқсан келтірмеуге тиіс

27 қазанда өткен Астана мемлекеттік қызмет хабының "Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық" жылдық конференциясында Астана мемлекеттік қызмет Хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ол соңғы бір жарым жыл ішінде үкіметтер біршама тәжірибе жинақтағанын, сонымен бірге кейбір тағылымдар туралы да айтуға болатынын атап өтті. 

"Біріншіден, дағдарыс жағдайында тез шешім қабылдау қажеттілігі үкіметтердің есеп берушілігі мен ашықтығына тежеу болмау керек. Екіншіден, пандемия жеделдеткен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Үшіншіден, интернет пен әлеуметтік желілерге қолжетімділік халықаралық құқықпен қорғалып, адамның ажырағысыз құқықтары ретінде танылуы тиіс", – деді ол. 

Сонымен қатар Байменов мырза осы тұрғыда үздіксіз білім мен тәжірибе алмасудың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

27 қазанда "Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық" конференциясына әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу