Мемлекеттік баспана алудан үміткер азаматтар қандай талаптарға сай болуы керек?

888

Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада ең алдымен баспанаға мұқтаж азаматтардың есебіне қоюға қатысты нормалар қарастырылған. Ол кезекке қою үшін тиісті елдімекенде тұруы, ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұруы шарт.    

Мемлекеттік баспана алудан үміткер азаматтар қандай талаптарға сай болуы керек?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын баспаналар келесі санаттарға жататын баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға беріледі:  

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
- жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға, сондай-ақ І және ІІ деңгейдегі "Ана даңқы" орденмен марапатталғандарға, көпбалалы отбасыларға. Аталған санаттағы азаматтардың орташа айлық жиынтық кірісі баспана беру туралы өтінім жасар алдындағы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшерінен аз болуы тиіс;   
- орташа айлық жиынтық кірісі баспана беру туралы өтінім жасар алдындағы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшерінен аз әлеуметтік әлсіз топтарға. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшері коэффициенті жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға таралмайды.  
- мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке үміткерлерге, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызметті атқарып жүрген тұлғаларға; 
- Жалғыз баспанасы ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен апаттық деп танылған азаматтарға. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу