Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

1085

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

Енген өзгерістерге сәйкес, талапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде талабын сотқа берген жағдайда, сол талап бойынша ерекше талап қою істерін, ерекше іс жүргізу істерін арыздарға (шағымдарға) сәйкес қарастыру үшін, арызданушы – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттiк бажды төлеуі қажет (2022 жылы 1 532 теңге).

Мемлекеттік баждың төлеушісі – сотта мүддесі қаралатын өтініш берушілер болып табылады.

Мемлекеттік бажды өтініш берушілер өтінішті бергенге дейін төлеуі қажет.

Өтінішерді (шағымдарды) қарайтын соттар – уәкілетті органдар болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу