Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі

1800

Директорлар белгілі бір мерзімге тағайындалады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын мақұлдады.

Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі.
Ротациялау институты мемлекеттік қызметте, бизнес құрылымдарында және басқа да бағыттарда енгізілген. Алайда білім беру саласында ротациялау тәртібін қолдану мүмкін болмады. Тіпті мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың басым денімен мерзімсіз еңбек шарты жасалған, сәйкесінше көбі лауазымдық қызметті жылдар бойы атқарады", – деді министр. 

Әйтседе ведомство басшысы олардың арасында ұйымдағы жұмысты жақсарту үшін бар күшін, ынта-жігерін салып еңбек етіп жатқан білікті басшылардың да бар екенін атап өтті. 

"Тек жылдар бойы бір орында жұмыс істесе де тиімділігін жоғалтпағандар санаулы. Кейбір жағдайларда жұмысқа деген ынтаның төмендеуі, мотивацияның жоғалуы немесе сол ұйымдағы басқа мамандардың да қызметтік өсуге деген ниеті болуы – заңды ұғым. Яғни басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондықтан бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітілмек. Бұл өзгерісті министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүзеге асырады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу