Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 28%-ға артты

758

Өз кезегінде бюджет шығыстары 20 пайызға өскен. 

Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 28%-ға артты Фото: Сыр бойы

2022 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 20,2 трлн теңге сомасында кіріс түсті. Жылдық өсім –  27,8% , деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өз кезегінде мемлекеттік бюджет шығыстары 21,5 трлн теңгені құрады. бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға артық.

Кірістің 73,3%-ы салық түсімдерінен тұрды. Салық түсімдері бір жылда 38,4%-ға, 14,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Атап айтқанда, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 5,8 трлн теңгені құрады, табыс салығы – 5,5 трлн теңге, халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар – 2 трлн теңге, әлеуметтік салық – 1 трлн теңге, мүлік салығы – 455,3 млрд теңге.

Ресурстың жазуынша, салықтық емес түсімдер бір жылда 41,1%-ға, 584,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 239,9 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 15%-ды құрады.

Былтырғы 12 айда трансферттер түсімдері бір жылда 1,8%-ға, 4,6 трлн теңгеге дейін артты.

Бұдан бөлек мемлекеттік бюджет шығыстарының басым бөлігі білім беру саласына жұмсалған: 21% немесе 4,52 трлн теңге.

Тағы 20,9%-ы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға тиесілі: 4,5 трлн теңге. Бюджет шығыстарының 9,8%-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі: 2,1 трлн теңге.

Бір жылда шығыстардың ең жоғарғы өсуі өнеркәсіп саласында (91,8%-ға), ең аз өсуі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында (5,9%-ға) тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу