Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 5%-ға өскен

1265

Салық түсімдері 30%-ға артқан.

Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 5%-ға өскен

2021 жылғы қаңтар-шілдеде мемлекеттік бюджет кірісі 8,4 трлн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджет кірісі 8,1 трлн теңге болды, жылдық өсім – 14%.

Түсімдердің басым бөлігі салықтардың үлесінде: 65,6% немесе 5,5 трлн теңге, бір жылда плюс – 29,3%. Олардың ішінде қосылған құн салығы 1,5 трлн теңге, бір жылда плюс 24%, корпоративті табыс салығы – 1,3 трлн теңге, бір жылда плюс 35,6%, жеке табыс салығы – 641,3 млрд тг, бір жылда плюс 17%, әлеуметтік салық – 467,4 млрд теңге, бір жылда плюс 11,8%, акциздер – 254,4 млрд теңге, бір жылда плюс 6%. 

Бюджетке салықтық емес түсімдер жалпы көлемі – 2,3% немесе 197,5 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 33,7%-ға артық. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 98,9 млрд теңге, өсім – 2,6 есе.

Биыл трансферттер түсімдері өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 
27,6%-ға немесе 2,6 трлн теңгеге төмендеді, трансферттер түсімдері кірістер құрылымында – 30,9%.

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджет кірісі трансферттерді есепке алмағанда 7,1 трлн теңге болды. Жоспардың 105,3% орындалды.

Жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге 2,2 мың аудиторлық іс-шара өткізілді. Осылайша 146 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, 94 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық жойылды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу