Мемлекеттік бюджет шығындары бір жылда 27%-ға өсті

411

Биылғы қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджет шығындары 7,8 трлн теңгеге жетті. 

Мемлекеттік бюджет шығындары бір жылда 27%-ға өсті Фото: google.com

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 27,1 пайызды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Осы жылы шығыстардың басым бөлігі білім беру саласына тиесілі болды: 4 айда 1,8 трлн теңге. Одан кейінгі орындарда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру (1,7 трлн тг) және денсаулық сақтау (807,9 млрд тг) салалары орналасты.

Биыл сектордағы шығындар барлық бағыт бойынша артқан. Мәселен, отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға кеткен шығыстар айтарлықтай өсті (94,9%). Ең аз өсім қорғаныс саласында тіркелді (4,9%).

Қарызға қызмет көрсету шығындары бір жыл ішінде 39,9%-ға артып, 744,8 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу