Мемлекеттік бюджет шығыны бір жылда 23%-ға артты

294

Өз кезегінде кіріс 15%-ға ғана ұлғайған. 

 Мемлекеттік бюджет шығыны бір жылда 23%-ға артты Фото: Inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджет кірістері 15,4 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 14,5%-ға артық. Ал мемлекеттік бюджет шығыстары былтырғыға қарағанда 23,2%-ға артып, 16,4 трлн теңге болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сәйкес кезеңде мемлекеттік бюджет шығыстары түскен табыстан 1 трлн теңгеге артық болды.

9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының басым бөлігі білім беру саласына жұмсалды: 3,5 трлн теңге. Тағы 3,5 трлн теңге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласына тиесілі.

Денсаулық сақтау секторына арналған шығыстар 1,5 трлн теңгені құрады. Қарызды жабуға бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінді: жылдық өсім – 37,2%.

Мемлекеттік кірістің 78,8%-ы салық түсімдері есебінен құралды. Қазынаға 12,1 трлн теңге салық түсті. Бұл былтырғыға қарғанада 25,6%-ға көп.

Салықтық емес түсімдер 287,7 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталды сатудан түскен түсім 98,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Трансферттер түсімдері де былтырғымен салыстырғанда 13,9%-ға төмендеген: 2,9 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу