Мемлекеттік бюджетке 14,8 трлн теңге кіріс түсті

768

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджет кірісі 14,8 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 31,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік бюджетке 14,8 трлн теңге кіріс түсті Фото: 7kun.kz

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 71,9%-ы салық түсімдерінен тұрды (10,7 трлн теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,4%-ға артық. Оның ішінде қосылған құн салығынан түсетін түсімдер – 4,2 трлн теңге, табыс салығынан – 3,8 трлн теңге, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтардан – 1,6 трлн теңге, әлеуметтік салықтан – 741,2 млрд теңге, ал меншік салығынан түсетін түсімдер 351,5 млрд теңгені құрады.

Салықтық емес түсімдер бір жылда 39,5%-ға артты. Оның ішінде мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 140,4 млрд теңгені, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар – 79,4 млрд теңгені, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер 2,5 млрд теңгені құрады.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бір жыл ішінде 33,8%-ға дейін өсті. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен кірістер – 145,9 млрд теңге, жер мен материалдық емес активтерді сатудан – 23,8 млрд теңгені, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан 1,3 млрд теңгені құрады.

Трансферттер түсімдері бір жылда 7,6%-ға дейін ұлғайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу