Мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге кіріс түсті

Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды. 

Мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге кіріс түсті Фото: primeminister.kz

Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

 "2023 жылғы қаңтар-ақпандағы   мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы" баяндама жасады.

"Биылғы 2 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері келесідей қалыптасты. Мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге шамасында кірістер түсті немесе жоспар 107,6%-ке орындалды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кірістер түсті немесе жоспар 100,5%-ке орындалған.

"Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды", – деді Қаржы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу