Мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті

617

Ал, республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түскен. 

Мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті Фото: yandex.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есеп берді.

"Мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн. теңге сомасында кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсті, жоспар 104,6%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 92,3%-ке орындалды. Атқарылмаған бөлігі 336 млрд теңгені  құрады. Атап айтқанда, салықтар бойынша жоспардың 369 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығының, шикі мұнайға экспорттық кедендік баждың және қосымша құн салығының есебінен қалыптасты", - деді ведомство басшысы.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 258 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33%-ға немесе 86 млрд теңгеге азаюымен байланысты. 

"Сондай-ақ, оған негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа 12%-ға азаюы әсер етті. Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кедендік баждың нақты қалыптасқан ставкасының болжамды көрсеткішінен 14,7%-ға төмендеуімен байланысты болды", - деді министр.

Министрдің сөзінше, қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының себептеріне тауар, жұмыс және қызметтерді өткізу бойынша айналым сомасының 13%-ға азаюы, қосылған құн салығы бойынша қайтарымның 37%-ға артуы, Еуразиялық экономикалық кеңес елдерімен  импорт көлемінің 7% азаюы жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу