Мемлекеттік бюджетке бір жылда 14,5 триллион теңге түскен

1089

Салық түсімдерінің мемлекеттік кірістегі үлесі – 59%. Бұл көрсеткіш өткен жылы 72% болған еді.

Мемлекеттік бюджетке бір жылда 14,5 триллион теңге түскен

2020 жылы мемлекеттік бюджетке 14,5 триллион теңге салық түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында мемлекеттік бюджетке түскен кіріс 14,5 триллион теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға артық.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында бюджетке 12,8 триллион теңге салық түскен еді. Бір жылдағы өсім – 18%.

2020 жылы трансферттерді есепке алмағанда мемлекеттік бюджетке 9,8 триллион теңге түсті. Жоспар 102,7% орындалды.

Оның ішінде республикалық бюджеттен 6,6 триллион теңге (жоспар 100,3%-ға орындалды), жергілікті бюджеттен – 3,2 триллион теңге (жоспар 108%-ға орындалды) түскен.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 59%-ы салық түсімдері болып саналады: 8,6 триллион теңге, бір жыл ішінде минус 7,1%.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджет кірістерінің 7,3% – салық түсімі емес (1,1 триллион теңге) және 0,9% – негізгі капиталды сатудан түскен түсімге (126,7 миллиард теңге) жатады. Трансферттердің үлесі – 4,8 триллион теңге немесе кірістердің 32,8%-ы.

Корпоративтік табыс салығы (КПН), пайдалы қазбаларды өндіру салығы (НДПИ) және шикі мұнай сатылатын электронды сауда алаңынан (ЭТП на сырую нефть) салықтың негізгі сомасы түскен.

Жергілікті бюджет бойынша кірістер түсімдерінің жоспары Маңғыстау облысын қоспағанда (жоспар 95%-ға орындалған) барлық өңірде асыра орындалды.

Өткен жылы камералық бақылау 10,4 триллион теңге көлемінде 1,4 миллионнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды.

Тексеру қорытындысы бойынша 983 миллиард теңгеге заң бұзушылықтар анықталып, ескерту жасалды. 1 триллион теңгеден аса бюджет қаражаты аудиттен өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу