Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 12%-ға өсті

403

Шығыс 25%-ға артқан. 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 12%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында мемлекеттік бюджеттің кірісі 12,8 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 12,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек мемлекеттік бюджет шығыстары 2022 жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 25%-ға ұлғайып, 14,5 трлн теңге болған.

Шығыстар мен кірістер арасындағы айырмашылық 1,7 трлн теңгені құрады. Шығыстар мен кірістердің арақатынасы: 113%.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі: 22,2% немесе 3,2 трлн теңге.

Шығыстардың тағы 20,9%-ы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласына жұмсалды: 3 трлн теңге.

  • Одан кейінгі орында денсаулық сақтау саласы орналасты: 1,3 трлн теңге немесе 9,2%.
  • Қарызға қызмет көрсетуге 1,3 трлн теңге бағытталды. Жылдық өсім – 37,8%.

Мемлекеттік кірістерге келсек, бюджетке салық түсімдері 78,5%-ды құрады: 10 трлн теңге. Салықтық емес түсімдер бір жылда 1,7%-ға, 246,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 35,5%-ға, 82,3 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Трансферттер түсімдері – 2,4 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу