Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 2,5% өскен

606

2021 жылғы қаңтар-маусымда мемлекеттік бюджеттің кірісі 7,2 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 2,5% өскен

2020 жылғы қаңтар-маусымда мемлекеттік кіріс өткен жылмен салыстырғанда бірден 14% өсіп, 7,1 трлн теңге болған. 

Мемлекеттік кірістің үштен екісі салық түсімдеріне тиесілі: 4,9 трлн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,2% артық. Оның ішінде қосылған құн салығынан түсетін түсімдер 1,3 трлн теңге, корпоративтік табыс салығы – 1,2 трлн теңге, жеке табыс салығы – 549,9 млрд теңге, әлеуметтік салық – 400,8 млрд теңге, акциздер – 209,1 млрд теңге. 

Салық емес түсімдер бір жылда 35,2% немесе 167,4 млрд теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2,5 есе немесе 82,8 млрд теңгеге өскен.

Трансферт түсімі бір жылда 32,3% немесе 2,1 трлн теңгеге азайған.

Primeminister.kz мәліметінше, 2021 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 5,832 трлн теңге сомасында кіріс түскен (жоспар 105,8% орындалды).

Кіріс бойынша жоспар 4 млрд теңгеге асыра орындалған, ал салық түсімдері 3 млрд теңгеге орындалмаған. Салық бойынша орындалмаған негізгі сома импортқа салынан қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы, шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық үлесінде.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу